
20 ж. 18 тамызда СҚО ТЖ департаментінде брифинг өтті, онда облыс аумағындағы өрт және ТЖ жағдайы баяндалды, БАҚ өкілдеріне резонансты оқиғалар фактілері жеткізілді.
Брифингті аша отырып, СҚО ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев БАҚ өкілдерінің назарын қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына аударды.
«13 тамызда Айыртау ауданы, Саумалкөл селосында, 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде ата-анасының бақылауысыз қалғандығынан, жас өспірім 4-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 15 тамыз күні 17:00-де Тимирязев ауданы, Докучаево селосында, жеке тұрғын үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалып, су құйылған ыдысқа құлап (комбайн баллоны, тереңдігі 35 см) үй иесінің қызы батып кеткен, 17:05-те анасы көріп, алып шыққан. Бұдан басқа 10 өрт болды — бұл 8 тұрмыстық өрт автокөлікте және ауыл шаруашылығы техникасында 1 өрт және 14 жану жағдайы, онда 1 адам жарақат алған. 11 тамызда Айыртау ауданы, Воскресеновка селосында, екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт салдарынан үй иесі бастың түкті бөлігінің термиялық күйігін алды, оң жақ білек 1-2 дәрежелі 7%, үйіне жіберілді, жатқызу қажеті болған жоқ. егін жинау науқаны барысында 14 тамыз күні сағат 14-02-де Қызылжар ауданы Чапаев селосының маңында Палессе GS12 комбайнының мотор бөлімінде өрт шықты. Өрт салдарынан мотор бөлігі мен шанақтың артқы бөлігі отпен зақымдалған», — деп атап өтті Нұрлан Бауыржанұлы.
Сондай-ақ азаматтық қорғау полковнигі дүйсенбі 17 тамыз күні болған екі өрт оқиғасы туралы айтты.
«.Бірінші өрт Петропавл қаласы, Мұқанов көшесі, 107, 2 қабатты жеке тұрғын үйде өрт болды. Өрт салдарынан тұрғын үйдің жапсаржайы жойылып, шатыры бүлінген. Жалпы өрт ауданы 72 шаршы метр құрады. ТЖ орнынан 1 оттегі баллоны эвакуацияланды. Өрттің болжамды себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екінші өрт кешке 23 сағат 25 минутта Петропавл қ., саяжай қоғамының, саяжай үйінде өрт шықты. Саяжай үйі өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін толығымен жойылды. Конструкцияны талдау барысында өрт орнында жанып кеткен әйел адамның денесі табылды. Себебі мен өлімін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп ТЖ жөнінде Нұрлан Атығаев түсінік берді.
СҚО ТЖ департаментінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы