
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, 19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м / с жетеді.
Петропавл қ: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.
СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы