
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, күндіз 18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз дауыл,бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м / с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.
СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы