
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, 17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қ: 17 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.
СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы