
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, 12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал . Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтілуде. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Петропавл қ: 12 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с . Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.
СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы