СҚО ТЖД қызметкерлері Республика күнін атап өтті

СҚО ТЖД қызметкерлері Республика күнін атап өтті

      24 қазанда Петропавл қаласының «Қызылжар» креативті орталығында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Құттықтау сөзін СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына, қызметкерлеріне және ардагерлеріне СҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Жомарт Аскаров жеткізді.
30-дан астам ардагерлерге, Департамент қызметкерлеріне, облыс әкімінің, «AMANAT» және «Ақ жол» партияларының облыстық филиалдарының басшылығынан ведомстволық марапаттар, құрмет грамоталары және алғыс хаттар табысталды.
Департаменттің 3 қызметкері салтанатты түрде ант қабылдады.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты, онда қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері әнмен өнер көрсетті.

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы