Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Департамент басшылығы мен жеке құрамы, ардагерлер кеңесінің өкілдері мен шақырылған қонақтар Отан алдындағы борышын соңына дейін орындағандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сондай-ақ, 2015 жылы өрт сөндіру кезінде қаза тапқан бөлімше командирі Алтынбек Әбдірахмановқа арналған облыстық орталықтың № 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратындағы ескерткіш тақтаға гүлдер қойылды.
СҚО ТЖ департаменті