Назар аударыңыз! Анонс!

Назар аударыңыз! Анонс!

СҚО-да 15 тамыздан бастап өрт қауіпсіздік айлығы басталды

«ТЖ нәтижесін жойғанша, оның алдын алған жөн» — бұл ақиқатты әр өрт сөндіруші жақсы біледі. Сондықтан да профилактикалық жұмыстар елдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында әрқашан басты іс болды және болады да. СҚО ТЖ департаментінде 15 тамыз күні, өрттер және адамдардың қаза болу санын азайту мақсаты болып табылатын, өрт қауіпсіздігінің айлығы басталды. Статистика көрсеткіші бойынша: ағымдағы жылы 372 өрт болса, оның 28 адамы қаза тапты, оның ішінде 4 бала, 10 адам жарақат алып, 55 млн. тг. артық соммада материалдық зақым келтірілді.

Тамыздың 15 мен 15-і қыркүйек аралығында ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының қызметкерлері алдын алу сипатындағы ақпаратты жадынамалар таратады, адамдардың жаппай болу обьектілерінің басшыларымен брифингтер мен дөңгелек үстелдер, облыстық өрт жағдайын жақсартуына бағытталған насихаттық іс-шаралар кешенін өткізеді. Солтүстікқазақстандықтар мен өңіріміздің қонақтарын аталмыш науқанға белсенді қатысуға шақырамыз. Осылайша біз, қайғылы қорытындымен аяқталатын ТЖ қайталуына жол бермей, адам өмірлерін сақтап қаламыз.

Дмитрий Растихин,
СҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі