
2020 ж. 7 тамыз. сағат 02-де. 29 мин. «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 101 пультіне Петропавл қаласы, Щорс көшесі, 24 (Рабочий кенті) мекенжайы бойынша тұрғын ағаш үйдің жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Шақырту орнына Петропавл қаласының № 3 және 4 өрт сөндіру бөлімдерінің және № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері шығып, дереу өртті сөндіруге кіріскен. Өрт сөндіру бөлімшелері 02 сағат 35 минутта келіп жеткен кезде өрт көрші үй құрылысына және көрші үйдің қабырғасына өтіп, ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті сөндіру барысында 1988 ж.т. ер адамның және 2011 және 2015 ж. т. ер баланың жансыз денесі табылды.
Өрт сағат 02-де 55 мин ауыздықталып, 03 сағат 09 мин. жойылды.
Өртті сөндіруге «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамынан 6 бірлік техника мен 19 адам жұмылдырылды.
Өрт салдарынан үйдің шатыры, ішкі қаптамасы, үй мүлкі, шаруашылық құрылыстары толығымен жойылды, көрші үйдің қабырғасы бүлінген. Өрттің жалпы ауданы 141 ш. м. құрады.
Себебі мен материалдық шығыны анықталуда.
Өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында СҚО ТЖ Департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін, әсіресе газ және электр жабдықтарын пайдалану кезінде елемеу қаупі туралы ескертеді. Есіңізде болсын: оларды сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!
СҚО ТЖ департаментінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы