СҚО ТЖД-дағы брифинг: дабылды тамыз

СҚО ТЖД-дағы брифинг: дабылды тамыз

05.08.20 ж. СҚО ТЖ департаментінде брифинг өтті, онда облыс аумағындағы өрт және ТЖ жағдайы баяндалды, БАҚ өкілдеріне резонансты оқиғалар фактілері жеткізілді.

Брифингті аша отырып, СҚО ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев БАҚ өкілдерінің назарын қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына аударды.

«Өткен тәулікте, 04.08.2020 ж. СҚО аумағында 22 оқиға орын алды, онда 3 адам қайтыс болды (2 — судағы жазатайым оқиға салдарынан, 1 — өрт кезінде). Таңертең Желяково селосынан 6 шақырым жерде орналасқан Каменное көлінде 1980 және 1977 жылы туған екі ер адам суға батып кеткені туралы телефон арқылы хабар түсті. Оқиға орнына келген соң, 3 тамызда көлге түнеумен демалуға Петропавлдан екі отбасы келгені анықталды.4 тамыз күні таңертең ер адам, 1980 ж. т. тоғыз жасар қызымен жүзбекші болған, бірақ біраз уақыттан кейін ол өзінің күші мен мүмкіндіктерін есептемей, батып, көмекке шақыра бастаған. Көп ұзамай ол су астында батып бара жатып, қызын жағаға қарай қауіпсіз жерге итеріп жіберген. Отбасы досын құтқармақ болған 1977 жылы туған ер адам да соңынан суға батып кеткен. Қаза болғандардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деп атап өтті Нұрлан Бауыржанұлы.

Ол негізінен судағы төтенше жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан туындайтынын түсіндірді. Бұл ретте ТЖ себептері өзгеріссіз қалады: қауіпті және осы мақсаттар үшін жабдықталмаған орындарда, құтқару құралдарынсыз, алкогольдік мас күйінде шомылу және демалу, көлік инспекциясы органдарында куәландырылмаған шағын көлемді кемелерде, құтқару құралдарынсыз, мас күйінде балық аулау, балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыратын ата-аналардың салғырттығы.

Сондай-ақ, азаматтық қорғау полковнигі сол күні болған өрт кезінде жеке тұрғын үй иесінің қаза болуы туралы айтты.

«04.08.2020 жылы, 12 сағат 36 минутта «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Есіл ауданы, Явленка селосы №10 өрт сөндіру бөлімінің телефонына Корнеевка селосы, Ленин көшесі, 138 үйде қамыс үй жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аудан орталығынан өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнына келген кезде «Мария» ЖШС ерікті өртке қарсы құралымының қызметкерлері өртті сөндіріп жатқан. Көршілердің айтуынша, үйдің ішінде адам болған. Өртті сөндіру барысында 1962 жылы туған үй иесінің, ер адамның жансыз денесі табылды. Өлімнің себебін анықтау үшін дене СМЭ-ге бағытталған. Өрт сағат 13-те 36 мин. сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде № 10 өрт сөндіру бөлімінің, «Корнеевка-Есіл» ЖШС өрт сөндіру бекетінің және «Мария» ЖШС ЕӨҚ күштері мен құралдары (барлығы 3 бірлік техника және жеке құрамның 6 адамы) жұмылдырылды. Өрт тұрғын үйдің шатырын, төбе жабуын, жиһаздарды, жеке заттарды зақымдады. Өрт алаңы 40 ш. м. құрады», — деді Нұрлан Атығаев.

СҚО ТЖ департаментінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы