
Қалыптасқан ыстық ауа-райы СҚО су айдындарында ТЖ қаупін арттыруға объективті түрде ықпал етті. Тыйым салынғанына қарамастан, осы ыстық күндері солтүстікқазақстандықтар өңірдің қауіпті су айдындарының жағасында демалып, суға жақын болуға ұмтылады. Сондықтан департаменттің, оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің, жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, еріктілер демалушылардың барынша көп санын қамтуға тырысып, мерзімді түрде бірлескен профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Есіл өзені мен оның ағындыларында, облыс аудандарының ескі арналары мен көлдеріндегі рұқсат етілмеген шомылу орындары мұнда бос уақыттарын өткізетін адамдармен үгіт-насихат жұмыстарымен қамтылды. Демалушылармен әңгімелесулер өткізілді, жадынамалар таратылды, судағы қауіпсіздік ережелері және әкімшілік ықпал ету шаралары жеткізілді. СҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауына ерекше назар аударды, өйткені ағымдағы жылы суға шомылу кезінде суға батып кеткен 2012 жылы туған баланың суда қаза болу жағдайы тіркелді. Бұл жағдайда бала рұқсат етілмеген жерде шомылғандығы, ата-анасыз болғаны атап өтілді.
Азаматтық қорғау офицерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және демалушылармен еріктілер судағы ТЖ фактілерін айтып, егжей-тегжейлі ұсыныстар берді. Тек рұқсат етілген жерлерде, құтқару құралдары — құтқару шеңберлері мен кеудешелері болған кезде ғана шомылу қажеттілігі, «жабайы жағажайларда» суға түсу қаупі, алкогольмен мас күйінде, тәуліктің қараңғы уақытында және жалғыз өзі — бұған бірінші кезекте назар аударды.
Бұл жұмыстың нәтижелері апта басында СҚО ТЖ департаментінде өткен брифингте айтылды. «Өткен демалыс күндері судағы ТЖ - ның алдын алу мақсатында СҚО ТЖД, полиция қызметкерлері және еріктілер (барлығы 107 адам) судағы жаппай демалу орындары бойынша патрульдеу (рейдтер) жүргізді, оның барысында 1300 - ден астам жадынамалар мен брошюралар таратылды, Жергілікті полиция қызметі ӘҚБтК-нің 364-бабы (жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және ӘҚБтК-нің 440-бабы (қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу) бойынша жауапкершілікке тартылды — 36 адам», — деп бұл күндері өткізілетін іс-шараларға Департамент бастығының орынбасары майор Игорь Жуков түсініктеме берді.
Ол судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент ЖАО-мен, СҚО ПД-мен бірлесіп күшейтілген үгіт-профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері судағы жаппай демалу орындары бойынша 1280-ден астам патрульдеу (рейдтер) жүргізілді, оның ішінде 966 волонтер тартылды. «Шомылуға тыйым салынады» 420 тыйым салу белгілері орнатылды, 40 мыңнан астам жадынамалар мен брошюралар таратылды.
Жергілікті полиция қызметі ӘҚБтК - нің 364 — бабы (ортақ су пайдалану ережелерін бұзу) бойынша 325 адамды және ӘҚБтК-нің 440-бабы (қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу) бойынша 331 адамды жауапкершілікке тартты.
Игорь Евгеньевич БАҚ өкілдерінің назарын бұл жұмыс күн сайын осындай қауіпті кезең аяқталғанға дейін жалғасатынына аударды.
Қуат Махметов
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің
азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері, капитан