Кездесу қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық аясында Солтүстік Қазақстан университетінде өтті.
АҚШ қонақтарын, қоғамдық қауіпсіздік және халықаралық саясат мамандарын Аризона штатының төтенше жағдайларды басқару департаментінің директоры Габе Лавин басқарды. Кездесу барысында олар СҚО-да өткізілген су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенімен танысты, ТЖ алдын алу және жою саласындағы жұмыс туралы ақпаратпен алмасты, олардың назарына құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің техникасы мен қару-жарақтары ұсынылды.
Кездесу Аризона штатының губернаторының 2025 жылы Қазақстанға сапарына дайындық мақсатында өтті.
СҚО ТЖ департаменті