
Халықты ТЖ түрлері мен туындау себептерімен және оларды жою тәсілдерімен таныстыру, сондай – ақ өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау мақсатында СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 29 шілдесінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ мамандарымен сабақ өткізді.
Оқыту «ZOOM» бағдарламасының көмегімен бейнеконференция форматында өтті. Оқыту барысында тыңдаушыларға презентациялар көрсетіліп, дәрістер оқылды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы оқу деректі фильмдерін көрсету ұйымдастырылды.
Оқу процесінің басында СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері аға лейтенант Бағлан Ұзақов баяндама жасады. Баяндама барысында тыңдаушыларға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметі түсіндірілді, байланыс және халықты құлақтандыру жүйесінің негізгі аспектілері, террористік актілер барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар, мұз қату және көктемгі су тасқыны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеткізілді. Сонымен қатар, тыңдаушылар адамдар көп жиналатын объектілерде өрт туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша тақырыптарға үлкен қызығушылық танытты, өрт туралы ақпаратты хабарлау тәртібімен танысты.
Жалпы, СҚО ТЖД аталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі және облыста өткізілген әрбір іс-шаралармен әр түрлі ТЖ туындаған кезде абыржымайтын, өзіне және жақындарына сауатты және тез көмек көрсете алатын адамдар көбейіп келеді.
Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушылардың электрондық мекен-жайларына қорытынды тесттер жіберілді, оларға тыңдаушылармен жауаптар берілді. Азаматтық қорғау саласында дайындықтан өткен тыңдаушыларға тиісті үлгідегі сертификаттар жіберілетін болады.
Бағлан Ұзақов,
СҚО ТЖ Департаментінің
АҚ бөлімінің офицері,
аға лейтенант