СҚО М. Жұмабаев атындағы ауданы Майбалық көлінде 08.07.2020 ж. баланың қаза болу ТЖ туралы ақпарат

СҚО М. Жұмабаев атындағы ауданы Майбалық көлінде 08.07.2020 ж.  баланың қаза болу ТЖ туралы ақпарат

2020 жылғы 8 шілдеде 16 с.30 мин. СҚО М. Жұмабаев атындағы ауданы Майбалық көлінде (Майбалық аттас ауылынан 300 метр) суға шомылуға тыйым салынған жерде 2012 жылы туған бала суға батып кеткен. Баланың денесін жергілікті тұрғындар сол күні сағат 18.30 минутта судан алып шықты.

Анықталғаны, осы ыстық күні, ережелерді бұза отырып, үш бала (ер балалар, біреуі-7 жаста және екеуі — 8 жастағы ауыл тұрғындары) суға шомылуға жабдықталмаған жерде тұншықтырғыш түбі бар суға шомылғандығы анықталды. Бұл жерде максималды тереңдігі 1,5-2 метр құрайды.

Осы жерде Таман ауылдық округінің әкімдігімен алдын ала «Шомылуға тыйым салынады» белгісі қойылған, ағымдағы жылдың мамыр айында ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп «ZOOM» бағдарламасы арқылы мектеп оқушыларымен және мектеп директорларымен 2 интерактивті сабақ өткізген.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында ТЖ бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп, азаматтардың суға шомылуына рұқсат етілмеген жерлерде 7 алдын алу рейдтерін өткізді.

Жыл басынан бері СҚО-да 5 адам (оның ішінде бір бала) судағы төтенше оқиғалардың құрбаны болды.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды облыс су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Бұған арналмаған жерлерде шомылуға, мас күйінде және тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Балаларға ерекше көңіл бөліңіз, олардың бос уақытын бақылаңыз, әсіресе су қоймаларына жақын қалдырмаңыз..

Есіңізде болсын! ОСЫ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАМАУ ҚАЙҒЫМЕН АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН!

СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы