Петропавлда «Еуразия» сауда орталығының ғимаратында өрт сөндірілді

Петропавлда «Еуразия» сауда орталығының ғимаратында өрт сөндірілді

2020 жылғы 28 шілде 4 сағат 06 минутта мекенжайы: Петропавл қ., Бөкетов к., 50 «Еуразиялық» сауда орталығының ғимаратында 101 телефонына өрт туралы ақпарат келіп түскен. Сағат 4: 12-де ТЖ орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша ТЖ департаментің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің алғашқы бөлімшелері келіп жетіп, дереу өртке кірісіп кетті.

Олар келіп жеткен кезде ғимаратта 450 ш. м. сауда бутиктері жанып, қатты түтіндеу байқалды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды, Петропавл қ.өртке қарсы қызмет гарнизонының қосымша күштері мен құралдары тартылды. Өртті сөндіру 4 учаскеде жүргізілді (Бөкетов, Интернационал, шатыр және 2-қабат жағынан).

ТЖ-ны жоюға СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 16 бірлік негізгі және қосалқы техника мен жеке құрамнан 54 адам қатысты. Өртті сөндіру қатты түтіндеумен, жоғары температурамен, ғимараттың күрделі жоспарлауымен қиындады. Суды үздіксіз беру базар аумағында орналасқан өрт сөндіру гидрантынан жүзеге асырылды.

Өрт салдарынан 1 қабаттағы 3 бутик (азық-түлік, тұрмыстық химия, ұялы телефон), 3 бутик (азық-түлік, тұрмыстық химия) жойылды. 2 қабатта 1 бутик бүлінген. Өрт аумағы 450 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында сауда үйінің ғимаратында оттың одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт 05 с. 26 мин. ауыздықталып, 06 С. 04 мин. толығымен жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Себебі мен шығыны анықталуда.

ҚР ІІМ ТЖК СҚО ТЖ департаментінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы