СҚО ТЖД бастығының орынбасары майор Игорь Евгеньевич Жуковтың суға шомылу маусымы бойынша 17.07.20 ж. брифингтегі баяндамасы

СҚО ТЖД бастығының орынбасары майор Игорь Евгеньевич Жуковтың суға шомылу маусымы бойынша  17.07.20 ж. брифингтегі баяндамасы

Облыста 60 — қа жуық өзен, 2 мыңнан астам көл (2148) және жүз қазаншұңқырлар (117) бар, бұл республикадағы су айдындарының жалпы санының 45%.

Бұл ретте, 12 көл мен Есіл өзенінде орналасқан 58 орын ғана әкімдіктің қаулысына сәйкес қауіпсіз суға шомылуға жарамды (Петропавл қ. — 2, Айыртау — 46, Ғ. Мүсірепов — 2, Есіл — 1, Қызылжар — 5, Мамлют — 1, Шал ақын — 1, оның ішінде 7 — уі әкімдіктерінің коммуналдық меншігінде, Петропавловск — 2, Айыртау — 1, Ғ. Мүсірепов — 2, Мамлют — 1, Шал ақын — 1, 51 жеке кәсіпкерлер жалға алады).

СҚО ортақ су пайдалану ережелерінде «ЖАО белгіленбеген демалыс орындарын СҚО су объектілерінде шомылуға, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында серуендеуге тыйым салынған деп белгілеу» көрсетілген.

Ыстық ауа — райының басталуымен су айдындарында жарақаттанғандар мен қаза болғандар саны өсуде, тек соңғы 7 жылда облыс бойынша 180 адам (24 бала) суға кетті. Осы кезеңде жүзден астам адам құтқарылды.

Анықтама: соңғы жеті жылда облыс бойынша 180 адам суға кетті, оның 24-і балалар.

2013 ж. — 35, оның ішінде 5 бала, 2014 ж. — 38, оның ішінде 3 бала, 2015 ж. — 31, оның ішінде 5 бала, 2016 ж. — 27, оның ішінде 5 бала, 2017 ж. — 24, оның ішінде 3 бала, 2018 ж. – 13, оның ішінде 3 бала, 2019 ж. — 12, оның ішінде 2 бала.

Сонымен қатар, соңғы жылдары суда адамдардың қаза болуының барлық жағдайлары тұрғындардың дәстүрлі түрде суға шомылатын, бірақ рұқсат етілмеген жерлерде тіркелген.

Жыл басынан бері, дәлірек айтсақ — суға түсу маусымының басынан «СҚО ТЖД ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Жедел — құтқару жасағының құтқарушылары олардың жауапкершілік аймағында (Петропавл қ. көлдерінің су айдындары және Үлкен Таранғұл көлінде 13 адам) құтқарылғандығын атап өткім келеді. (оның ішінде 1 бала).

Сол кезеңде 11 адам (оның ішінде бір бала) су құрбандары болды, оның ішінде 6 адам суға шомылу кезінде, 1 адам құтқару кезінде, 1 адам балық аулау кезінде және 3 адам жазатайым оқиға салдарынан (су айдынын кесіп өтуде) қаза болды.

Соңғы оқиға 16.07.20 ж.Шал ақын ауданы Жаңажол селосының маңында Есіл өзенінде орын алды. 15 с.30 мин. 6 жасөспірім су айдынының басқа жағасына (ені 50 — 60 метр, өту орнының тереңдігі 1,5 метр) өтпек болған, ал кейін қайтар кезде 1996 жылы туған, соңғы болып бара жатқан, жүзе білмейтін жігіттің аяқтары тартылып, су ағысымен төменге, тереңірек жерге алып кеткен. Жүзу дағдылары әлсіз, 2001 және 2002 жылы туған екі жасөспірім көмекке жүгінген. Барлық үшеуі тереңдігі 2 метрден асатын шұңқырға түсіп, суға батып кеткен.

ТЖ орнына аудандық ТЖ бөлімі, полиция, «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел — құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Қаза тапқандарды іздестіру жергілікті халықпен бірлесіп жүргізілді (барлығы 32 адам, 3 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралдары жұмылдырылды). Қаза болғандардың денелері 17.07.20 ж. 08 с. 29 мин. табылды.

Адамдардың қаза болу қаупі жоғары ең қауіпті акваториялар Есіл өзені және жиі баратын көлдер: Пестрое, тұзды, Лебяжі, Үлкен Таранғұл, Шалқар және Имантау болып табылатынын есте сақтау қажет.

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент ЖАО — мен бірлесіп, СҚО ТЖД күшейтілген үгіт — алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні судағы жаппай демалыс орындары бойынша 900 — ден астам патрульдеу (рейдтер) жүргізілді, оның ішінде 900 волонтерді қатыстыра отырып. «Шомылуға тыйым салынған» 412 тыйым салу белгісі орнатылды, 29 мыңнан астам жадынамалар мен брошюралар таратылды.

Жергілікті полиция қызметі ӘҚБтК 364 бабы бойынша (жалпы су пайдалану ережелерін бұзу) — 178 адам және ӘҚБтК 440 бабы бойынша (қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу) — 242 адам жауапкершілікке тартылды.

Құрметті біздің облыс тұрғындары, Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті, суда шомылу кезеңінде жазатайым жағдайларды болдырмау мақсатында, сіздерге ұсынады:

  • жабдықталмаған су қоймаларында шомылмаңыз;
  • ересектерсіз балалардың шомылуына жол бермеңіз;
  • мас күйінде шомылмаңыз;
  • белгіленген орыннан асып жүзбеңіз;
  • тексерілмеген орындарға түспеңіз;
  • жалған дабылдың айқайлауына жол бермеңіз;
  • ақыр соңында су қоймаларын ластамаңыз.