СҚО Шал ақын атындығы ауданы Жаңажол селосының маңында Есіл өзенінде 3 жасөспірімдер қаза болу ТЖ туралы ақпарат

СҚО Шал ақын атындығы ауданы Жаңажол селосының маңында Есіл өзенінде 3 жасөспірімдер қаза болу ТЖ туралы ақпарат

16.07.20 ж.15 с. 30 мин. Есіл өзенінде Шал ақын ауданы Жаңажол селосының маңында 6 жасөспірім су айдынының басқа жағалауына өтпек болған. (ені 50-60 метр, өту орнының тереңдігі 1,5 метр). Олар кейін қайтып баратқан кезде, соңғы болып бара жатқан 1996 ж. т. жүзе алмайтын жігіттің аяқтары тартылып, суағысы төменге, терең жерге алып кеткен. Жүзу дағдылары әлсіз, 2001 және 2002 жылы туған екі жасөспірім көмекке жүгінген. Барлық үшеуі тереңдігі 2 метрден асатын шұңқырға түсіп, суға батып кеткен.

ТЖ орнына аудандық ТЖ бөлімі, полиция, «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Қаза тапқандарды іздестіру жергілікті халықпен бірлесіп жүргізілді (барлығы 32 адам, 3 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралдары жұмылдырылды). Қаза болғандардың денелері 17.07.20 ж. 08 с. 29 мин. табылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ( объективті түрде, жыл басынан бері) 11 адам су құрбаны болды (оның ішінде бір бала), оның ішінде 6 адам суға шомылу кезінде, 1 адам суға батып кеткендерді құтқару кезінде, 1 адам балық аулау кезінде және 3 адам жазатайым оқиға салдарынан (су айдынын кесіп өтуде) қаза тапты.

Анықтама: соңғы жеті жылда облыс бойынша 180 адам суға кетті, оның 24-і балалар.

2013 ж. — 35, оның ішінде 5 бала, 2014 ж. — 38, оның ішінде 3 бала, 2015 ж. — 31, оның ішінде 5 бала, 2016 ж. — 27, оның ішінде 5 бала, 2017 ж. — 24, оның ішінде 3 бала, 2018 ж. — 13, оның ішінде 3 бала, 2019 ж. — 12, оның ішінде 2 бала. Жоғарыда көрсетілген адамдардың суда қаза болуының барлық жағдайлары халық дәстүрлі түрде шомылатын, бірақ рұқсат етілмеген жерлерде тіркелген.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды облыс су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға және жүзіп өтуге, мас күйінде және тәуліктің қараңғы уақытында шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Балаларға ерекше көңіл бөліңіз, олардың бос уақытын бақылаңыз, әсіресе су қоймаларына жақын қалдырмаңыз.

Есіңізде болсын! ОСЫ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАМАУ ҚАЙҒЫМЕН АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН!

СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы