Жыл сайын СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері «Пожарная тяга. Сибирский характер» атты жарысына қатысады.
Жарыс Ресей Федерациясының Тюмень облысының Тобольск қаласында 23-25 тамыз аралығында өтеді. Оларға облысымыздың өрт сөндіру қызметінің 3 аудандық бөлімшесінің өрт сөндірушілері – Руслан Мұстафин, Ермахан Кәкімов, Александр Мельничук және Артем Бродягин қатысады.
Біздің өрт сөндірушілер өкілдері жарыстың қиын кезеңіне қарқынды дайындалуда. Петропавл қаласында оқу-жаттығу жиындарынан өтуде. Өткен жылы солтүстік қазақстандықтар Тобольскіден жалпы командалық есепте III орын алғаны үшін медальдар мен грамоталармен марапатталды.
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.