Ашық, жылы ауа райы су айдындары мен ересектер мен балаларға қызықтырады. Өз демалысын ұйымдастыра отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын аймақтың су айдындарында алдын алу рейдтерін өткізеді, бірақ жедел жағдайға әсер ететін ең басты фактор көбінесе судың жанында болған қауіп деңгейін асыра бағалайтын адамның өзіне байланысты болады.
Суға шомылуға рұқсат етілмеген орындарда шомылуға тыйым салынады, өйткені шомылуға арналған орын тексерілмеген жерлерде көптеген қауіп-қатерді жасырады. Құтқару бекеттерінің, буйктардың болмауы, тазаланбаған түбі, жағажайдың жағалауындағы қоқыс — осының барлығы демалысты бүлдіріп қана қоймай, оның қайғылы салдарларына әкелуі мүмкін. Сондықтан, су жанында демалуға бармас бұрын тұрғындар су объектілерінде адамдардың қаза болуының негізгі себебі осы мақсатқа жабдықталмаған жерлерде суға шомылу, сондай-ақ мас күйінде шомылу болып табылатынын есте сақтаған жөн. Ал ата-аналарға-балаларды суда демалу кезінде мұқият бақылау керек. Сондықтан судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында суда тұрақты рейдтер өткізіліп тұрады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің өміріңіздің кепілі.
Егер Сiз судағы жағдайдың куәгерi болсаңыз, 112 телефоны бойынша хабарласыңыз.
Темірхан Сағындықов,
ҚР ІІМ ТЖК
Көкшетау техникалық
институтының курсанты