Петропавл қ. қауіпті су айдындары бойынша баспасөз-тур

Петропавл қ. қауіпті су айдындары бойынша баспасөз-тур

Облыс аумағындағы орныққан жазғы ыстық күндері, СҚО ТЖ Департаменті қызметкерлеріне жұмыс қосты. Халықты ескерту мақсатында СҚО ТЖ департаменті Петропавл қ.маңында және СҚО Қызылжар ауданында рұқсат етілмеген суға шомылу орындары бойынша баспасөз турын өткізді. Оған департаменттің, оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.

Есіл өзеніндегі «Жабайы жағажайлар» облыс орталығының 20 шағын ауданында және Петропавл су торабының бөгетіне жақын, Қызылжар ауданы Бәйтерек селосының маңында бос уақытты өткізетін адамдармен үгіт-насихат жұмысымен қамтылды. Олармен әңгімелесулер өткізіліп, жадынамалар таратылды, судағы қауіпсіздік ережелері және оларды бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының өкілдері, еріктілер журналистерге судағы адамдардың қаза болуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, су айдындарындағы ТЖ статистикасын келтірді, олар пайда болған кездегі іс-әрекеттер алгоритмін көрсетті.

«Барлығы 7 жыл ішінде, 2013 жылдан 2019 жылға дейін облыс бойынша 180 адам суға кетті, оның 24-і бала. Ағымдағы жылы 8 адам (оның ішінде бір бала) суға батып кетті, оның ішінде 6-ы суға шомылу кезінде, біреуі — балаларды құтқару кезінде, біреуі-балық аулау кезінде суға кетті. Есіл өзені және жиі баратын Үлкен Таранғұл, Пестрое, Тұзды, Лебяжі, Шалқар және Имантау көлдері адамдардың қаза болу қаупі жоғары ең қауіпті су айдындары болып табылады. Бірлескен рейдтер барысында (шомылу маусымының басынан бері 900-ден астам) жергілікті полиция қызметі 364 және 440 баптар бойынша (жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және спирттік ішімдіктер ішу) 459 адамды жауапкершілікке тартты. «Шомылуға тыйым салынады» 412 тыйым салатын белгілер орнатылды, 29 мыңнан астам жадынамалар мен брошюралар таратылды», — деп атап өтті сұхбат барысында Департамент бастығының орынбасары майор Игорь Жуков.

Өткізілген іс – шара барысында СҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауына ерекше назар аударды, себебі рейд жүргізу кезінде баланың суда қаза болу жағдайы тіркелді, 2012 ж.т. бала ата-анасының жоқтығында рұқсат етілмеген жерде шомылғандығы атап өтілді.

Азаматтық қорғау офицерлері, полиция қызметкерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және волонтерлер демалушылармен сенімді сөйлесіп, судағы ТЖ фактілерін келтірді, толық ұсыныстар берді. Тек рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу қажеттілігі, құтқару құралдары — құтқару шеңберлері мен кеудешелері болған жағдайда, «жабайы жағажайларда» суға түсу қаупі, алкогольдік мас күйінде, тәуліктің қараңғы уақытында және жалғыз өзі — осы және басқа да көптеген мәселелер қолжетімді түсінікті түсіндірілді.

Аталған рейдтер суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін күн сайын өткізілетін болады.

Қуат Махметов
СҚО ТЖ департаментінің
азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері,
капитан