Балықшы, өз қауіпсіздігіңді ойла...

Балықшы, өз қауіпсіздігіңді ойла...

Жиі түрде біздің өлкемізде су құрбандары болуының негізгі себебі көпке созылмайтын шомылу кезеңімен байланысты. Бірақ, жыл бойы балық аулаумен айналысатын адамдар арасында да көп қайғылы оқиғалар тіркеледі.

Ағымдағы жылы балық аулау кезінде бір адам су құрбаны болды. Қайғылы оқиғаның негізгі себебі қайықта судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Жеке құтқару құралы болған жағдайда қайғылы оқиғаның алдын алуға болар ма еді. Жайдарлы жаз күндері балықшыларды құрал-жабдықтарын жинап балық аулауға итермелейді. Бірақ, су айдынға шығарда өз қауіпсіздігіңіз туралы ұмытпаған жөн. Міндетті түрде жүзу құралдарының техникалық жағдайы дұрыс болуы тиіс, сондай-ақ жеке құтқару құралдарымен, яғни құтқару кеудешесі, құтқару дөңгелегімен жабдықталуы тиіс. Міндетті түрде қайықпен балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Қайық үстінде бола тұра тұруға және жүруге болмайды, қайықты бірден қатты қозғалтуға немесе шайқауға болмайды, борт сыртына еңкеюге, қайық үстінде мас күйде бола тұра жүзуге болмайды. Және ересек адамдарсыз кәмелет жасқа толмаған балаларға жүзу құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Жедел-құтқару жасағы азаматтарға суда абай болуды ескертеді. Егер де сіз судағы төтенше жағдайдың куәгері болсаңыз 112 нөміріне хабарласыңыз.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ»
ММ Жедел-құтқару жасағы