Рұқсат етілмеген қауіпті аймақтарда бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен рейдттер күнделікті әдетке айналды. 20 шілде күні ТЖ және полиция қызметкерлерінің «Qyzyljar» телеарнасының қатысуымен бірлескен рейд өткізілді. Журналисттер құтқару қызметі мен полиция қызметкерлерінің демалушылармен профилактикалық әңгімелерін, судағы қауіпсіздік бойынша үнпарақ таратуын және түсіндіруін түсірді.
Зардап шеккендердің көбісі қауіпті, тиым салынған жерлерде, қараңғы уақытта шомылғандар. Осы қайғылы тізімді қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын балықшылар, техникалық ақауы бар жүзу құралдарымен және оларды шамадан тыс жүктейтіндер және құтқару дөңгелектері мен кеудешелерінсіз жүзетіндер де толтырады.
Суға масайған күйде, ауа-райы салқын болғанда кірмеңіз. Су жылынып үлгермейтіндіктен сіңір тартып қалуы және бас миының тамырлары құрысуы мүмкін.
Суда мұқиат және абай болыңыздар! Төтенше жағдай туындаған кезде немесе адам өміріне қауіп-қатер туындаған жағдайда 112 телефонына хабарлаңыз!
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ»
ММ Жедел-құтқару жасағы