Құтқарушылар Ғ. Мүсірепов ауданының аумағындағы Есіл өз. тексерді

Құтқарушылар Ғ. Мүсірепов ауданының аумағындағы Есіл өз. тексерді

Карантин кезіндегі шектеу шараларына қарамастан күннің ыстығында суға түсіп, салқындаймын деушілер аз емес. Су айдынындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ғабит Мүсірепов ауданының әкімдігімен Тоқсан би ауылының маңындағы Есіл өзенінің аймағында қосымша жаппай демалыс орнын ұйымдастыру жоспарланған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өз тарапынан сүңгуірлермен су айдынын тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, құтқарушылар демалыс орнын жабдықтау бойынша кеңестер берді. Шомылу кезеңінің басынан құтқарушылармен 40 жаппай демалыс және шомылу орнындағы су айдындарын тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жедел-құтқару жасағы қала тұрғындары мен қонақтарына су айдынында, демалу орындарында мұқият болуды және келесі іс-әрекеттер рұқсат етілмейтінін ескертеді:

  1. мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
  2. қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
  3. тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
  4. жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
  5. жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
  6. су айдындарын ластауға;
  7. жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды; жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
  8. жалған дабыл беріп айғайлауға;
  9. техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
  10. балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.

Үлкендерге өздері үшін ғана жауапты болмай, балалар үшін де жауапты екендерін ұмытпаған жөн және міндетті түрде су жағалауларында олардың қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалаңыздар!

Жедел-құтқару жасағы
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ