Петропавл қаласының маңында Департамент бөлімшелерінің және жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен практикалық сабақтар өткізіледі.
Оқытуға дронның құрылғысымен, оның техникалық мүмкіндіктері мен параметрлерімен танысу, тәжірибелі нұсқаушы – ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ернар Рүстемнің жетекшілігімен сынақ ұшулары кірді.
«Бүгін 6 қызметкер әртүрлі модификациядағы екі квадрокоптерді басқарудың негізгі әдістеріне үйретілді. Болашақ - пилотсыз авиация, ол біздің жұмысымыздың тиімділігін едәуір арттырады, бірінші кезекте іздестіру-құтқару жұмыстарында, өрттер мен жануларды алдын алуда қолданылады», - деп атап өтті Ернар Серікұлы өз шәкірттерінің жетістіктеріне түсініктеме бере отырып.
СҚО ТЖД ескерту бөлімі