
Жылы күндердің басталуымен СҚО ТЖД қызметкерлері халықпен профилактикалық жұмысты күшейтті.
Департамент бөлімшелерінің жеке құрамы облыстың қалалары мен ауылдарының тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін жеткізу үшін әртүрлі формалар мен әдістерді қолданады. Тұрғын үй секторы бойынша рейдтер, ашық есік күндері, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтетін кеңестер, адамдар көп жиналатын орындарға бару - бұл ӨҚЕ мен судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіретін іс-шаралардың толық тізімі емес. Бұл ретте өрт қауіпті кезеңге, балалармен және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеуге баса назар аударылады.
Бүгінгі күні тек өрт қауіпті кезең бойынша мобильдік топтармен 583 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды, олардың барысында 25 мыңға жуық адам қамтылған нұсқамалар, дөңгелек үстелдер, жиындар өткізілді. Бұл ретте полиция, әкімдік қызметкерлері, орман қорғау ұйымдары мен еріктілер тартылады. Орман және дала өрттеріне жол берілмеді. Бұл жұмыс барлық қауіпті кезеңде жалғасады.
СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы