Мақсаты - анықтаушылар жұмысының тиімділігін арттыру

Мақсаты - анықтаушылар жұмысының тиімділігін арттыру

СҚО ТЖ департаментінде Петропавл қаласы ТЖ басқармасының және аудандық бөлімшелерінің жеке құрамымен нұсқаулық сабақтар өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді және ТЖБ мен ТЖб анықтаушыларының дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Шақырылған қызметкерлер ҚР БП 14.09.2014 жылғы № 89 бұйрығының қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздарды, хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібіне қатысты талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ бейне нұсқаулықтарды көрсете отырып, құқықтық көмек туралы сұрау салуларды (халықаралық тергеу тапсырмаларын) жіберу тәртібі түсіндірілді.

Өткізілген сабақтардың нәтижелері бойынша қызметкерлермен бірқатар қызықтыратын мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды, бөлімше басшыларына тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

 

СҚО ТЖД анықтау бөлімі