СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаев бөлімшелердің 4 қызметкеріне погондарды жеке тапсырды.
Капитан және аға лейтенант атақтарын ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесінің, Петропавл қаласы ТЖ басқармасының және ҚР ТЖМ аумақтық органының Жамбыл ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері алды.
«Сіздер өз күштеріңіз бен білімдеріңізді халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға, офицер және азамат ретінде өз борыштарыңызды лайықты атқара отырып, өз күштеріңіз бен білімдеріңізді одан әрі жұмсайтындарыңызға сенімдімін!»,- деді Ерік Темірханұлы.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында Департамент бастығы СҚО-ға қызмет өткеру үшін келген Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 5 түлегін құттықтады. Олар оны Петропавл қаласы мен облыс аудандарындағы Департамент бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда бастайды.
СҚО ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы