2024 жылдың 5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ акт залында өрт сөндіру қызметінің бастығы, Нұрлан Нүкішев полковнигінің төрағалығымен штаб отырысы өтті.
Салтанатты марапаттау Нұрлан Сейітжанұлы өрт сөндіру қызметінің бес қызметкеріне кезекті «аға лейтенант» және «капитан» шендерін табыс етті. Ол жас офицерлерге қызметтік борышын абыроймен атқарып, Қазақстан Республикасына адал болуды тілеп, әрбір азаматтық қорғау қызметкері үшін атақ алу айтулы оқиға ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
Басшылықтың көрсеткен назарын ақтай отырып, Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері алдағы уақытта да жедел, анық және үйлесімді әрекет етіп, кәсіби біліктілігі, күші мен білімі мемлекетті төтенше жағдайлардан қорғауға қызмет ететініне сендірді.
Амангелді Әуесханов, қоғаммен байланыс тобын баспасөз хатшысы