Петропавл қаласының өрт сөндірушілері «Жастар сарайныда» оқу-жаттығу өткізді.

Петропавл қаласының өрт сөндірушілері «Жастар сарайныда» оқу-жаттығу өткізді.

СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру
күзетінің пультіне «Жастар сарайныда» өрт шыққаны туралы хабарлама келіп
түсті.
Қаланың барлық бөлімшелері дереу шақыру орнына шықты. Алғашқы өрт
сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін әкімшілік барлық персоналды,
сондай-ақ сол кезде ғимаратта болған барлық адамдарды эвакуациялауды
бастады. Осы уақытқа дейін сахна бөлігі отпен жанып жатты. Дәл осындай
сценарий шартты өртті сөндіру бойынша облыс орталығының өрт
сөндірушілерімен ойластырылған.
Оқу-жаттығуларда жеке құрам адамдарды түтіндеген үй-жайлардан
эвакуациялаудың тәсілдері, сонымен қатар объект әкімшілігімен өзара
іс-қимылдар қарастырылды, адамдарды эвакуациялау орындары айқындалды.
Оқу-жаттығу барысында басты мақсатқа қол жеткізілді – бұл адамдарды
дереу эвакуациялау бойынша персоналдың алғашқы іс-қимылдарын тексеру
және персонал мен шұғыл қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау.
Тактикалық ой объект басшылығымен бірге толық көлемде орындалды,
азаматтық қорғау органдарының өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамына
қойылған барлық міндеттер жүзеге асырылды, қызметкерлері де қойылған
міндеттерді орындады.
Жалпы басшылық оқу-жаттығуларды өткізуге жоғары баға берді.
Чингис Махметов
ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары
азаматтық қорғау капитаны