Су тасқыны кезінде зардап шеккен қызметкерлерге көмектесті

Су тасқыны кезінде зардап шеккен қызметкерлерге көмектесті

СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері үйлерін Есіл өзенінің тасқын суларымен су басқан әріптестеріне көмек көрсету акциясын өткізді.

         Осындай маңызды іс-шараға жедел-құтқару жасағының, өрт сөндіру қызметінің, Департамент бөлімшелерінің құтқарушылары қатысты. Олар тұрғын үйлер мен аумақтарды жинады, жөндеу үшін үй-жайлар дайындады, су басқан жерлерден қоқыс шығаруды ұйымдастырды.

         Іс-шараны өткізу барысында Қызылжар ауданы Бескөл ауылында және Подгора шағын ауданында тұратын, дүрбелеңнен айтарлықтай зардап шеккен әріптестеріне көмек көрсетілді.

         «Мен өртті сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бірнеше рет қатыстым. Сондықтан мен қиын уақытта сөзбен де, іспен де қолдаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Менің отбасыма көрсеткен көмек үшін серіктестеріме, құтқарушыларыма және өрт сөндірушілерге көп рахмет!»,- деп түсіндірді СҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Абылайхан Жақсылық.

 

 

          СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы