Брифингте СҚО ТЖ Департаменті бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов, гидрометеорология орталығының және облыстың білім басқармасының өкілдері сөз сөйледі. Жаз айларына арналған болжамды жағдай және судағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша халық арасында профилактикалық жұмыс жарықтандырылды, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері айтылды.
Жыл басынан бері халықпен 40 000-нан астам адам қамтылған 218 жиын, 95 судағы қауіпсіздік акциясы өткізілді, 275 бала жүзуге оқытылды.
СҚО-да су айдындарында 60 жаппай демалыс орны анықталды. Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың басым көпшілігі шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде орын алады.
СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы