«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары»ММ Астана күнін «Онлайн»режімінде атап өтті

«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары»ММ Астана күнін «Онлайн»режімінде атап өтті

«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары»ММ Астана күнін «Онлайн»режімінде атап өтті.

 Коронавирустық инфекция эпидемиясына байланысты әлемдегі тұрақсыз жағдайға және өрт сөндіру қызметі гарнизонының жеке құрамымен қарым-қатынаста қашықтықты сақтау талаптарына байланысты, 2020 жылғы 2 шілдеде Петропавл қ. №3 өрт сөндіру бөлімінің акт залында Нұр-Сұлтан Астана күніне арналған «онлайн» режимінде салтанатты жиналыс өтті.

      Мемлекеттік әнұран орындалғаннан кейін өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Көлбаев қысқаша сөз сөйледі. Мекеме басшысы өз сөзінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық құжаттарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қойған мақсаттарға жетуде барлық қазақстандықтарды біріктіретін нышан ретінде мемлекет астанасының маңызын атап өтті.

      «Жыл сайын елорда халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналады. Қалада әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің, бизнес-орталықтардың және басқа да көптеген құрылыстардың  құрылысы қарқынды жүріп жатыр», - деді Нұрлан Тұруханұлы.

      Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері өздерінің өрт сөндіруші-құтқарушылары үшін қуанып, Астана күніне орай қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен және кезекті атақтардың погондарымен марапатталды.

 

Татьяна Бережная

«СҚО ТЖД Өс және АҚЖҚ»ММ

азаматтық қорғау подполковнигі

кадр саясаты бөлімінің бас маманы