Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Есіл өзенінде 2 топтағы мүгедек құтқарылған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Есіл өзенінде 2 топтағы мүгедек  құтқарылған

Дабыл қоңырауы 21 маусым күні 112-ші телефонына жексенбі күні кешкісіне келіп түсті. Толқудан үзілген ер адам даусы Есіл өзенінің жартас жағасындағы қараңғыда көмек  сұраған  дауыс естілетіні, бірақ апатқа ұшыраған адамды табу әрекеті сәтсіз болғанын айтты... Ақпарат дереу Есіл ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жұлдыз Есенғазинге, полиция АІІБ кезекшісіне және Явленка аудандық орталығының жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Оқиға орнына бірінші болып Есенғазин келді. Кездесу барысында ол қоңырау шалған ер адамды мұқият тыңдап, айқайлардың естілген жерін нақтылап, өзеннің сазды жағасымен төменге түсті.

«Қараңғыда көмекке мінажат еткен әлсіз дауыс естілді. Қараңғыда кеудесіне дейін суда жағаға жақын жерде тұрған адамның пішінін көрді. Суға ұмтылдым -   есілдің салқын  суынан қалтырап қалған  егде жастағы ер адам болды.  Осы уақытқа дейін ол тіпті айқайлай алмайтынын айта алмады ... оны қатты ұстап, жағаға үлкен қиындықпен шығарып алдым. Онда бізді өрт сөндіру бөлімі мен полиция қызметкерлері күтіп тұрды: зардап шегушіні зембілге жатқызып, қажетті көмек, оның ішінде психологиялық көмек көрсеттік», -  деп Жұлдыз Мерекенұлы осы кештің оқиғаларын еске алды.

Көп ұзамай «жедел жәрдем» бригадасы келіп жетті. Зембілдерді пайдалана отырып, зардап шегуші машинаға жеткізіліп,  шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты, өмірге қауіп жоқ.

Сол күні таңертең сағат 10-да Явленка селосының 1948 жылы туған тұрғыны Виктор Яковлевич осы елді мекеннен 2 шақырым жерде орналасқан Есіл өзенінің жағасына балық аулауға келген. Бірақ балық аулау сәтсіз басталған: сырғып, ер адам суға құлап кеткен, бірақ аяқтары саз балшықпен байланып, өз бетімен шыға алмаған. Ол суда жарты тәуліктей болып, үнемі айқайға басып отырған, бірақ жанында ешкім болмаған…

«Егер келген көмек болмаса, бұл оқиғаның соңы басқаша болар еді-ер адам II топтағы мүгедек болғандықтан  оның  өз бетінше шығуға мүмкіндігі болмаған. Осы жерде баса айтарымыз: зардап шеккен адам қауіпсіздіктің негізгі ережелерін бұзған – жалғыз   балық аулауға шыққан, суда қауіпті жерде болған, өзімен бірге ұялы телефоны болмаған. Оларды елемеу-өлімдей қауіпті!»,- деді департамент бастығының орынбасары майор Игорь Жуков. Ол халықты балық аулау кезінде де, суға шомылу кезінде де судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, мамыр айынан бастап СҚО аумағында 4 адам, ал соңғы 7 жылда 180 адам суға кетті, оның 24-і бала, осы кезеңде 100-ден астам адам құтқарылды.

Жұлдыз Мерекеұлы үшін бұл құтқарудың алғашқы жағдайы емес – 9-сынып оқушысы бола тұра, ол ұқсас жағдайда, Есіл өзенінде балық аулау кезінде сыныптасын жалғыз құтқарған. Мүмкін, осыдан кейін ол өз өмірін адамдарды құтқару үшін игі миссияға арнауды шешті. Азаматтық қорғау органдарында Жұлдыз Есенғазин 1996 жылдан бастап қызмет етіп келеді, көптеген алғыс хаттар мен марапаттарға ие, егер тағдыр оған алдымен өмір бастауға тағы бір мүмкіндік берсе, ол ойланбастан бұрынғы жолмен кетіп – өз Отаны, Қазақстан Республикасына қызмет ету еді деп санайды!

 

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы