СҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің ақпараты

СҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің ақпараты

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

 

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, сондай-ақ күндізгі оң ауа температурасының  сақталуы болжанады.

Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қарқынды қар еруі күтілуде. Қардың едәуір мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын және мұз қабығының ескере отырып, еріген суды топыраққа сіңіру қиынға соғады, бұл судың беткі ағынының пайда болуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне және өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне әкеледі, сондықтан су тасқыны мен су басу қауіпі бар.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады.

-аулалар мен іргелес аумақтарды, арықтар мен суағар арналарын қардан, қоқыстардан және мұздан тазартыңыз:

- жақындарыңыз бен көршілеріңізге ескертіңіз;

- су басу қауіпі жағдайлары туралы тұрақты мониторинг жүргізіңіз.

Су басу қаупі немесе пайда болуы кезінде дереу 109 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.

 

 СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы