
СҚО ТЖ департаментінің басшылығы полковник Ерік Сарыбаев пен азаматтық қорғау органдарының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Увалиев Сағынбай Қойбағарұлы, кадр және тәрбие жұмысы департаменті бастығының орынбасары Нариман Ашамаев зейнеттегі полковник Сейтжан Нүкішевті 70 жылдығымен құттықтап, оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Еңбек сіңірген ардагері" төсбелгісін табыс етті.
Сейтжан Ғалымжанұлы Нүкішев өзінің еңбек жолын 1972 жылы КСРО ІІМ Свердловск өрт-техникалық училищесінде курсант болып бастады. Бұл оның қиын істі игерудегі алғашқы кезеңі еді. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері бола отырып, КСРО ІІМ жоғары инженерлік өрт-техникалық мектебінің Ташкент факультетінің сырттай бөлімін өртке қарсы техника және қауіпсіздік инженері мамандығы бойынша бітірген.
Сейтжан Нүкішев өртке қарсы қызметтің қатардағы қызметкерінен бастап оның бірінші басшысына дейін ұзақ жолды өткен. 2002 жылдың наурызынан 2005 жылдың наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасын басқарған. Өзінің 30 жылдан астам еңбек жолында ол табиғи және техногендік, өндірістік және тұрмыстық өрттерге куә болды.
Оның басқармасы кезінде өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы объектілерімен оларды өрттен тиісті қорғауды қамтамасыз ету бойынша байланыстар нығайып, ӨҚ сақтау бойынша халықпен профилактикалық жұмыс күшейтілді.
Қол жеткізген жетістіктері мен адал қызмет атқарғаны үшін Сейтжан Нүкішев "ІІМ-дегі үздік қызметі үшін" төсбелгісімен; "КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл" және "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл" мерейтойлық медальдарымен; "мінсіз қызметі үшін" медалімен; II дәрежелі "Қайсар" төсбелгісімен және басқалармен марапатталды.
СҚО ТЖД"ӨС және АҚЖҚС РММ