Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға СҚО ТЖД тобы жолданды

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға СҚО ТЖД тобы жолданды

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін СҚО ТЖД жиынтық жасағының күштері жолданды. Оның құрамында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және өтімділігі жоғары арнайы автокөлікпен және моторлы қайықпен жарақтандырылған СҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» РММ бөлімшелерінің құтқарушылары мен өрт сөндіруші-құтқарушылары бар.Топтастырудың мақсаты - адамдарды құтқару және эвакуациялау, кіші өзендерде мұз кесу, су тасқыны жағдайының мониторингі, осы табиғи құбылыс кезеңінде жағдай нашарлаған кезде халыққа өзге де көмек көрсету.
Топ 2 бірлік техникамен және қайықпен, қазіргі байланыс құралдарымен жабдықталған, оның құрамында -13 маман.
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка және Чистополье селоларына - орналасқан жеріне келген соң, жеке құрам су айдындарын тексеруге және бөлімшелердің жауапкершілік аймақтарының бөлінген учаскелерінде жұмысты жоспарлауға кіріседі.

СҚО ТЖ Департаментінің қоғаммен байланыс тобы