
СҚО Мамлют ауданы Андреевка ауылында өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті.
Ол жалпы саны 800 адамнан асатын Андреевка, Владимировка және Бостандық ауылдарының қорғанысын қамтамасыз етеді.
Өрт сөндіру бекетінің болуы мен жұмыс істеуі қауіпсіздікті арттыруға, жақын маңдағы елді мекендердегі мен орманды дала алқаптарындағы өрттерге жедел ден қоюға, өртте қаза тапқандар мен жарақаттанғандар санын, залалды азайтуға және өртті бастапқы деңгейінде жоюға мүмкіндік береді.
Оның ашылуына СҚО ТЖ Департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин және аудан әкімі Елена Степаненко қатысты.
Өрт сөндіру бекетін Мамлют ауданы әкімінің аппаратымен жарақтандыру үшін жауынгерлік киімнің 2 жиынтығы, өрт модулі жиынтығында 2 мотопомпалар және өрт-техникалық қару-жарақ сатып алынды. Бекеттің жеке құрамымен өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді. Барысында өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты пайдалану әдістері көрсетіліп, шақыру орнына келгеннен кейін бастапқы іс-қимылдар жөніндегі қағидалар түсіндірілді, бұдан басқа оқыту мен жаттығу қосымша жоспарланды.
Аудан орталығынан және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жақын бөлімшелерінен 70 км-ден астам қашықтықта орналасқан елді мекеннің тұрғындары өрт сөндіру бекетінің ашылуына риза болды.
СҚО ТЖ департаменті
Мамлют ауданының ТЖ бөлімі