СҚО әкімі су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты

СҚО әкімі су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты

СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтың СҚО Есіл ауданына жұмыс сапары барысында аудан аумағында алдағы су тасқынына дайындық қаралды.

Өңір басшысы СҚО ТЖД бастығы полковник Ерік Сарыбаев және аудандық ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жұлдыз Есенғазинмен бірге жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен кездесіп, су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты.

"Покровка-Ильинка – Мектеп" КТ – 19 облыстық маңызы бар жолына күрделі жөндеу жүргізу барысымен танысқан кезде, Гауез Торсанович еріген суларды бұру үшін су өткізу құбырларын орнатуға ерекше назар аударды. Бұл іс-әрекет жол төсемінің су басуына жол бермейді және жақын маңдағы елді мекендердің су басу қаупін азайтады.

Облыс әкімі алдын ала қабылданған шаралар  ТЖ мен елді мекендерді су басуына жол бермей, халықты тиімді қорғауға қабілетті екендігіне назар аударды.Су тасқынына қарсы іс-шараларды одан әрі іске асыру, көктемгі кезеңде елді мекендерді су басуға жол бермеу жөнінде тапсырмалар берілді.

 

СҚО ТЖ Департаментінің Қоғаммен байланыс тобы