СҚО-ның өрт сөндіру қызметі Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан өлкетану мұражайына барды

СҚО-ның өрт сөндіру қызметі  Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан өлкетану мұражайына барды

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ қызметінде патриоттық, кәсіби тәрбие, эстетикалық тәрбие беру адамгершілік-этикалық тәрбие маңызды рөл атқарады. Қызметкерлердің жедел және қызметтік іс-әрекетке ұйымдасуы, саналы және шығармашылықпен қатысуы тәрбие жұмысына тікелей байланысты. Тәрбие жұмысы арқылы ең алдымен жоғары саяси-құқықтық және кәсіби мәдениет қалыптасады. Мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 28 ақпанында басқару аппаратының қызметкерлерімен Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Онда Солтүстік Қазақстандағы археологиялық зерттеулер материалдарымен, өлкенің көне тарихына қатысты бірегей жәдігерлермен танысуға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен және қазақ халқының этнографиясымен танысты.

Т. Айтмағанбет
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ
К және ТЖБ ТЖТ аға инспекторы
Азаматтық қорғау сержанты