
2024 жылғы 28 ақпаны «СҚО ТЖД ӨСж/еАҚЖҚ» РММ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ энергетика мамандарының бірлескен өрт – тактикалық жаттығуы өткізілді.
Жаттығудың сценариі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы «СК РЕК» АҚ басты энергиялық жабдықтау объектінің бірінде ЖЭС-1 қысқа тұйықталуының нәтижесінде кептіру бөлмесінде өрт туындады. Өрт сөндіру бөліміне өрт туындағаны жайлы сигнал түскенде қызметшілерге кіші станцияға келіп, қызметкерлер құрамын сұрастырып және өрт сөндіруге кірісу рұқсатын алу керек болатын.
Жаттығу барысында еңбекті қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Кіші станция қызметкерлері энергообъектіде өрт сөндірушілердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге міндетті. Өрт сөндіргіш заттарды қолдану бойынша кез келген әрекет жазбаша рұқсат қағазын алғаннан кейін барып жүзеге асырылады.
Жаттығу энергообъектіде штаттан тыс жағдай пайда болған кезде энергетиктер мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлері арасында өзара бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатында жүргізілді.
Сонымен қатар өрт туындаған жағдайда кіші станция қызметкерлерінің дұрыс әрі уақытында іс-әрекет жасауы, өрт сөндіру бөлімдерінің жануды жою бойынша іс-әрекеті мен шешім қабылдауларының жеделдігі, объектінің өртке қарсы су жабдығы көздерінен су алу мүмкіндіктері тексерілді.
Бірлесіп өткізілген жаттығу энергообъетінің санаты өрт туындаған жағдайда іс-қимыл жасаудың тәртібін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Бұдан басқа, жаттығу өрт сөндіру карточкасының бағытын дұрыстауға және жетілдіру мүмкіндік берді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметі басшылығы осындай бірлескен жаттығулар энергетиктер мен құтқарушыларға да қажет деп санайды. «Осындай жаттығулардың пайдасы өте мол, - дейді,Жанат Мүлкібаев, объкттің азаматтық қорғаныс штабының бастығы– Сөзбен айтып жеткізу, бекітілген нұсқаулықпен жұмыс істеу бір бөлек, ал тәжірибе жүзінде әрекет ету бір бөлек. Біздің кезекші қызметкерлер құрамы көріп, жағдайды талдап отыр, ал құтқарушылардың кіші станцияның электрлік құрылғыларымен танысуға мүмкіндіктері бар, олар өрт сөндірудің қыр сырларын білулері шарт, осындай объектілерде өрт шыққан жағдайда жұмыс істеулеріне тура келеді».
Амангелді Әуесханов,
«СҚО ТЖД ӨСж/еАҚЖҚ» РММ қоғаммен байланыс тобының
баспасөз хатшысы