Жол жүру ережелерінің негізгі талаптарын түсіндіру

Жол жүру ережелерінің негізгі талаптарын түсіндіру

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ акт залында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысының негізгі талаптары мен ережелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Аталған семинарға мекеменің қыхметкерлері, бейнеконференцбайланысқа қосылған аймақтық бөлімшелердің қызметкерлері және шақырылған маман, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің әкімшілік практика бөлімінің инспекторы полиция майоры Әміров Айбатыр Нұрғалиұлы қатысты.
Полиция майоры өз сөзінде облыстағы, сондай-ақ Петропавл қаласында көлікте де, жаяу жүргіншілерде де болған жол-көлік оқиғаларының статистикасы туралы мекеме қызметкерлерін хабардар етті. Амиров А.Н. бейнебақылау жүйесі туралы, жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен қылмыстық құқық бұзушылық фактілері, астам фактілер анықталғаны туралы, олардың көпшілігі жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылатыны туралы мәлімдеді.
Семинар диалог түрінде өтіп, қызметкерлер маманға сұрақтар қойып, оған жан-жақты жауаптар берілді.

Жазира Құрманова,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ К және ТЖБ ТЖТ бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі