Петропавлда өрттен 2 адам зардап шекті

Петропавлда өрттен 2 адам зардап шекті

2024 жылғы 20 ақпанда сағат 05: 52-де 101 телефонына СҚО Петропавл қ. Жұмысшы кентінің Матвеев көшесіндегі жеке ағаш үйдегі өрт туралы ақпарат түсті. Өрт орнына облыс орталығының 2 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары шықты. Келген бетте үйдің кіреберісі ашық жалынмен жанды. Нәтижесінде веранда жартылай өрттеніп, шатыр мен төбеге ішінара зақым келген үй құтқарылды.
​Өрттің жалпы ауданы – 30 ш. м.
Өрт болған жерде өмірге қауіп төндірмейтін күйіктер мен жеңіл жарақаттар алған 1978 жылы туған әйелге және 1983 жылы туған ер адамға медициналық көмек көрсеткен. Өрт 06 сағат 31 минутта оқшауланып, 06 сағат 47 минутта жойылды.
​Өрттің себебі анықталуда.
СҚО ТЖ департаменті пешті жылыту және электр құрылғыларын тұрмыста пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Есіңізде болсын – Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығы осыған байланысты!

​СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы