
> Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті:
СҚО ТЖД өрт сөндірушілері 2023 жылдың қорытындысын шығарды
31 каңтар қүні СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ акт залында ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаевтың төрағалығымен 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Атқарылған жұмыстар туралы өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев баяндама жасады.
Сөз сөйлеу барысында ол СҚО аумағында 605 өрт тіркелгенін, 2022 жылмен салыстырғанда өрттердің саны 13% - ға (695 өрт) азайғанын, өртте 33 адам қаза тапқанын, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 13% - ға аз (2022 жылы-38 адам) екенін атап өтті.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының күшімен 565 өрт жойылды, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 45 адам құтқарылды және 932 адам эвакуацияланды.
Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен өрт ретінде есепке алынбайтын өртті жоюға 1550 рет шығу жүзеге асырылды, оның ішінде қамысты, шөпті өртті жою үшін 1021 рет шықты.
Оның ішінде ауданы 228 га дала өрттерін жою үшін 27 шығу, ал ауданы 2000 га дала өрттеріне 3 шығу жүзеге асырылды.
Гарнизон қызметінде 180 бірлік автотехника, оның ішінде 81 негізгі мақсаттағы, 13 арнайы мақсаттағы, 86 қосалқы мақсаттағы бірлік бар.
2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде 6 бірлік өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды, оның ішінде 4 бірлік АЦ-5-40 (6х6) «Камаз-43118» шассиінде, 2 бірлік АЦ-5-40 (4х2) шассиде "Камаз-43253.
ТЖ Департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаев бөлім бастықтарына мекеме бөлімшелерінің күштері мен құралдарын су тасқыны және өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау бойынша іс-шаралар өткізуге нұсқау берді. Кездесу барысында Ерік Сарыбаев облыс аудандарында орналасқан өрт сөндіру бөлімшелеріне дислакация үшін мамандандырылған жаңа техниканың кілттерін табыстады.
"СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ Қоғаммен байланыс тобы