Балалардың отта қаза болуы: қайғы болдырмауға болады!

Балалардың отта қаза болуы: қайғы болдырмауға болады!

Ересектердің қарауынсыз қалған  бала, қолына сіріңке алып, үлкендерге еліктеп, қағаз жағып, тоққа жылытатын қыздырғыш құралды қосып, немесе тіпті алау ұйымдастырады. Кейде балалар үлкендерден үлгі алып, темекі шегеді. Әрине бұған ата-аналар кінәлі, баларды пәтерде жалғыз қалдырып, олардан сіріңке, от тұтатқыштарды алшақтау ұстамайды, әрі  олар өздеріне қандай қауіп төніп тұрғанын балаларға түсіндірмейді, олардың әрекеттерін бақылаусыз қалдырады. Кейде үлкендер кішкентай балаларды өздері, қауіп-қатерге итермелейді, оларға пеш жағуды немесе жанып тұрған газ плитасын, жанып жатқан пешті, тұрмыстық электр аспаптарын бақылауды тапсырады.

Әсіресе, балалардың үлкендердің көзінен таса жерде: құрылыс алаңдарында, шатырдың ішінде, жертөледе отпен ойнауы өте қауіпті. Негізінен осындай жағдайдың тууына кінәлілер отты көріп абыржып,  ауыр жаралар немесе кейде қаза болады. Көбіне балалар отты көргенде, одан тығылу мүмкін еместігін білмей, сыртқа шығудың орнына диванның астына, шкафтарға тығылады.

Дегенмен, осындай қайғылы оқиғалардан құтылуға болады. Міндетті түрде балаларға отпен ойнау қаупін түсіндіру қажет, сіріңке және басқа от жаққыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерлерге сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау керек.

Егер өрт балалардың отпен ойнауы салдарынан орын алып, үшінші тұлғаға зиян әкелсе, заң бойынша ата-аналары әкімшілік тәртіпте жауаптылыққа тартылады. Сот жәбірленушінің  өтініші бойынша балаларды қараусыз қалдырған ата–анадан келген өрт шығыны сомасын өндіріп алуға құқығы бар.

Алайда, бейқам ата-аналар үшін ең ауыр жаза– өз баласының қайғыға ұшырауы. Өмірмен қоштасу – қас қағымда болатын іс. Бірақ, қайығының алдын алып, балаларды қатігез ажалдан құтқаруға біздің қауқарымыз жетеді!

        

 СҚО ТЖД

 Петропавл қаласы ТЖ басқармасы