
Соңғы уақытта Солтүстік Қазақстан облысында автокөліктегі өрт жиілеп кетті.
Орташа есепппен көлік 5-10 минут аралығында жанып кетеді. Сондықтан өрт шықпас бұрын алдын алу қажетті. Жана бастағанын сіз қалың қара түтіннің шығуынан білесіз, көлікті жол жиегіне бірден тоқтату керек. Отты қурткамен немесе басқа да затпен сөндіріп, уақытыңызды кетірмеңіз. Жарақат алуыңыз мүмкін. Отты өрт сөндіргішсіз сөндіремін дегеніңіз бос әурешілік. Егер от капот астынан шықса, капотты қырынан таяқпен немесе монтировкамен байқап ақырын ашу қажет. Ашқан кезде өте сақ болған жөн, өйткені от жалындап кетуі мүмкін.
Көлік астына төгілген жанармайды сөндіру үшін өрт сөндіргішті қолданыңыз. Өрт сөндіргішті негізінен қатты жанып жатқан жерге бағыттаңыз. Отқа брезент жабуға, құм, топырақ шашуға, су құюға болады. Көліктің қалың өрт шалған жеріне пакетті суды күшпен лақтыру да тиімді. Өртті май болған немесе бензин төгілген киімде сөндіруге болмайды. Көліктің қандай түрінде болсын іске жарамды, қызмет көрсету мерзімі шықпаған өрт сөндіргіш болуы міндетті. Болмаса жаңасын сатып алу немесе ескісін қайта толтыру кезі келген шығар. Уақыт өткен сайын көліктің электр сымдарының жай- күйін және де басқа да өрт шығу иқатері жоғары тетіктерін көзбен қарап тексеруді ұмытпаңыз. Қажет болса мамандарға жүгініңіз. Балаларды автокөлік салонында ата-анасының қарауынсыз қалдырмаңыздар. Сіріңке, от шырпыны көлікте ұстамаңыздар.
ТЖД Солтүстік Қазақстан облысының барлық жүргізушілерден өз көліктеріне сақ және қырағы қарауды сұрайды. Өйткені автоәуесқойлар аяусыз оттың зор шығынына батуда...
СҚО ТЖД