
Қысқы мерзімде балықшылардың су айдындарындағы белсенділігі Жедел-құтқару жасағының көңілінсіз қалмады. Қаңтардың 31 күні Есіл өзені бойымен кезекті рейдті Жасақтың құтқарушылары «МТРА» телеарнасының журналисттерімен өткізді.
Балықшылардың айтуынша олардың қорқуына себеп жоқ, өзеннің қалыңдығы жеткілікті. Бірақ мұздың қалыңдығы барлық жерде біркелкі емес, ауа-райының күрт өзгеруі де жағдайды өзгертуі мүмкін, сол себепті рейдтке қатысушылар балықшыларға қауіпсіздік ережелерін кезекті түрде ескерту артық еместігін жөн көрді. Осы мерзімде су айдынындағы қауіп қатер тобына жататындар – мектеп оқушылары мен балықшылар. Мұз айдындарында бос уақыттарын өткіземдеушілерге ең басты ереже: мұздың қалыңдығы жалғыз адам үшін 7 см кем болмауы қажет, әрқашан өзіңізбен бірге құтқару құралдарын: кеудеше, жіпті алу қажет. Ал балаларға ата-аналардың қарауынсыз мүлдем мұзға шығуға болмайды. Сонымен қатар, балықшыларға құтқарушылар күн жеткiлiктi түрде жылытып, мұздың қалыңдығына әсер ететiнiн еске салды. Қыс әлi де өз күшінде, өзен көлдер әлi де болса қалың мұзбен жабылған, сондықтан үлкен қауiп-қатер жайлы ұмытпау қажет! Мұз өзiнiң салмағының және қардың әсерiнен басылып, жырықтар пайда болып, мұзды су шая бастайды. Нәтижесінде, мұзға батып кету қауiпi бiрнеше рет жоғарылайды.
Рейд барысында кездескендердің көбісі қауіпсіздік ережелерін жақсы білетіні байқалды, сонда да өмірлерін қауіп қатерге тігеді. Рейдке қатысушылар балықшылармен ескерту жұмыстарын жүргізді. Құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Черкасов мұз айдынында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертіп, мұзға батқан кезде қалай судан шығуға болатынын еске салды.
Мүмкін, айтылған ережелер мен нұсқамалар біреудің өмірін сақтап қалар? Өзіңізге және балаларға абай болыңыздар: мұз бейқамдықты кешірмейді.
«СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ