Абайлаңыз: қыс мезгілінің ТЖ!

Абайлаңыз: қыс мезгілінің ТЖ!

Қыс біздің өлкеміздің ең қатал табиғат құбылысы. Қар үйіндісі, жел ұшқыны, боран – қыс мезгілінде болатын құбылыстардың бірі.
Олар кейде бірнеше күнге созылады. Әдетінше қар үйіндісі сенімді және уақытылы болжанады.

Азаматтар қарапайым сақтық шараларын қалт қалдырмағанда, мұндай жағдайлардың алдын-алуға болар еді.

Апаттық ескерту хабарланғаннан кейін қозғалысты шектеу, үйге қажетті азық-түлік, су және отын қорын жасау қажет.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Жолға шыққандағы қарапайым ережелер:
- ауа райы жөнінден ақпаратқа назар аударыңыз;
- көлікте азық-түлік қоры, ыстық шай термосы, шағын жылытқыш болсын;
- түнде, боранда жолға шықпаңыз, түнде барлық бағдар жоғалады;
- жол бойымен қозғалаңыз;

- қобалжымаңыз, сабыр сақтаңыз.

Қыста төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, ең алдымен, ауа райы өзгерісін, метеорологиялық сәйкестіктерді, ТЖ департаменттің қатты аяз, боран және қар ұйытқуы кезіндегі халық әрекеті жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы арнайы хабарламаларын үнемі қадағалау қажет. Ең дұрысы елді мекен шегінен шығуды талап ететін алыс жолдан бас тарту, ал ауыл тұрғындары қозғалыстарын шектеу қажет.

 

                                                                           

СҚО ТЖ департаменті

Төтенше жағдайлардың алдын

алу бөлімінің