Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында өтетін Крещениені мерекелеуге байланысты облыс су қоймаларында жүріс-тұрыс қауіпсіздік ережесін сақтау қажет. Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті халықтың су нысандарының маңында болған кезде мұқият және абай болуын сұрайды.
Суда жүріс-тұрыс қауіпсіздік ережесін сақтаңыз! Суық суда ұзақ уақыт болғанда ағзаның аса тоңазытуына әкеліп соқтыратынын есте сақтаңыз. Ол сіңір тартылуға, естен тануға, дем ала алмауды тудыруы мүмкін. Алкогольмен мастанған жағдайда суға шомылуға үзілді-кесілді тиым салынады. Су қоймасында суға шомылғаннан кейін әбден құрғағанша сүртіну және жылы киім кию керек.
Иорданьға түскен кезде бір тамшы да спирттік ішімдік ішпеңіз. Шомылғанға дейін және одан кейін де мас болмау қажет.
Біртіндеп суыныңыз: алдымен сырт киімді, бірнеше минуттан соң аяқ киімді, содан кейін белге дейін шешініңіз, тек содан соң ғана суға кіріңіз.
Шомылудың алдында денені кез келген майлы креммен немесе зәйтүн майымен ысқылаңыз.
Суда 1 - 2 минуттан артық болмаңыз.
Жағаға шыққаннан кейін құрғақ орамалмен сүртініп, жылы жерге асығыңыз, ыстық шай ішіңіз.
Облыс азаматтарын:
- шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түспеуге;
-жалғыз және алкогольмен мастанған жағдайда суға түспеуге шақырамыз.
Есте сақтаңыз!
Крещение купелінде шомылу – құр дырдулы ойын сауық емес, ол дінге баурау болып табылады.
Дегенмен Сіздің мерекеңіз қуанышты, жағымды, ең бастысы – қауіпсіз болсын!
СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы