
27 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Петропавл қ.: 27 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.