
Жақында СҚО Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастық өкілдеріне арналған веб-семинар өтті, оған СҚО ТЖД өкілдері қатысты. Бұл іс-шараның тақырыбы жаңа жылдық мерекелер кезінде адамдар көп жиналатын объектілердегі өрт қауіпсіздігі болып айқындалды. Семинар мәдениет үйлері, қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік нысандар, жергілікті атқарушы органдар, Петропавл және СҚО аудан орталықтары өкілдерінің қатысуымен өтті (ZOOM арқылы).
Осы іс-шараның спикерлерін кәсіпкерлер палатасының өкілдері ұсынғаннан кейін оның қатысушыларына Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Ахметжанов баяндама жасады. Ол СҚО аумағындағы өрттермен жағдайды жарықтандырып, Жаңа жылды мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Ол профилактикалық өртке қарсы іс-шараларға қарамастан, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында 575 өрт тіркелгенін, оның 451 млн.теңгеден астамы зиян құрағанын, 32 адам қаза тапқанын атап өтті. «Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында отшашулар мен пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде отпен абайсызда жұмыс істеуден 4 өрт болды. Сондай-ақ, 2022 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласындағы орталық шыршада өрт болды», - деді басқарма бастығы. Аслан Жасұланұлы жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндіріп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін объектілердің бірінші басшыларының дербес жауапкершілігіне назар аударды.
«Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезеңінде төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында ұйым басшысы, немесе объектідегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам барлық үй-жайларды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне мұқият тексеруге, сондай-ақ бастапқы өрт сөндіру құралдарының, өрт автоматикасы жүйелерінің және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің болуы мен жарамды жай-күйіне көз жеткізуге тиіс. Барлық анықталған кемшіліктер мәдени-бұқаралық іс-шара басталғанға дейін жойылуы тиіс.
Үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдары ғимараттың авариялық немесе эвакуациялық жарықтандыру желісіне қосылған «Шығу» деген жазуы бар жарық көрсеткіштерімен белгіленуге тиіс. Тек кемінде екі эвакуациялық шығумен қамтамасыз етілген және жанғыш жабындары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй - жайлар ғана пайдаланылады», - деді СҚО ТЖД спикері.
Сондай-ақ, ол шыршаларды қауіпсіз орнату және оларды безендіру мәселелеріне тоқталып, пиротехникалық бұйымдарды, доғалы прожекторларды, өртке әкелуі мүмкін ашық от көздерін пайдалануға қатаң тыйым салуды ерекше атап өтті.
Баяндама соңында Аслан Ахметжанов семинарға қатысушылардың мейрамхана бизнесі мен қонақүйлер индустриясында мерекелерді қауіпсіз өткізуге қатысты көптеген сұрақтарына жауап беріп, «Қауіпсіз жаңа жыл!»деген тілегімен аяқтады.
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы